«Қазақстанның даму банкі» Басқармасы төрағасының орынбасары сайланды

958

Сандуғаш Кенжебаева ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды,- деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқармасы төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ Басқарушы директоры қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева сайланды. Тиісті шешімді ағымдағы жылғы 10 сәуірде Банк Директорлар кеңесі қабылдады. С.Кенжебаева ҚДБ Басқармасының мүшесі ретінде осы атқарушы органның ағымдағы жылғы 16 сәуірдегі отырысында ұсынылды.

С.Кенжебаева жаңа лауазымында тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді дамыту, сондай-ақ әдіснама және модельдеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

С.Кенжебаева ҚДБ-да 2008 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, ол фронт-менеджер, кредиттік талдаушы, бас фронт-менеджер, Жобалау дирекциясы басшысының орынбасары, Жобалау дирекциясының басшысы, Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі қызметтерін атқарды. 2017 жылғы қаңтарда С.Кенжебаева «Еуразиялық Даму банкі» АҚ-ға атқарушы директор позициясына шақырылды, ал 2017 жылғы желтоқсаннан бастап ҚДБ-ға Басқарушы директор лауазымына қайта оралды.

С.Кенжебаева 1975 жылғы 1 сәуірде туған. 1996 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (ҚазЭУ, бұрынғы Халық шаруашылығы институты) («Қаржы және кредит» факультетін) «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді. Кәсіби қызметін «Тұранбанк» ААҚ-да тағлымданушы болып бастаған С.Кенжебаеваның банк саласында мол тәжірибесі бар. ҚДБ-ға келгенге дейін С.Кенжебаева 1997 – 2008 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР Статистика агенттігінде, «Нұрбанк» АҚ-да, «Астана-Финанс» АҚ-да жұмыс істеді.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқармасы төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ Басқарушы директоры қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева сайланды. Тиісті шешімді ағымдағы жылғы 10 сәуірде Банк Директорлар кеңесі қабылдады. С.Кенжебаева ҚДБ Басқармасының мүшесі ретінде осы атқарушы органның ағымдағы жылғы 16 сәуірдегі отырысында ұсынылды.

С.Кенжебаева жаңа лауазымында тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді дамыту, сондай-ақ әдіснама және модельдеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

С.Кенжебаева ҚДБ-да 2008 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, ол фронт-менеджер, кредиттік талдаушы, бас фронт-менеджер, Жобалау дирекциясы басшысының орынбасары, Жобалау дирекциясының басшысы, Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі қызметтерін атқарды. 2017 жылғы қаңтарда С.Кенжебаева «Еуразиялық Даму банкі» АҚ-ға атқарушы директор позициясына шақырылды, ал 2017 жылғы желтоқсаннан бастап ҚДБ-ға Басқарушы директор лауазымына қайта оралды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *