Биыл Маңғыстау даласына «Барсакелместен» құлан әкелінеді

54

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Ғаббас Досатов айтты.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жануарлар дүниесінің, оның ішінде сирек кездесетін құстардың өсімін молайту мақсатында 2018 жылдың мамыр айында 500 лашын құсы Қарақия, Бейнеу аудандары аумағына ұшырылған. Ал, 2013 жылдан бері облыс аумағына 1500 бас шамасында дуадақ, лашын құстары табиғат аясына жіберілген. «Жануарлардың өсімін молайтудың негізгі жолы ол реинтродукциялау арқылы өсімін молайту – жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру. Осыған байланысты «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоцияциясы» тарапынан 2017-2020 ж.ж арналған Қазақстандағы құландарды рейнтродукциялаудың биологиялық негіздемесі жасақталды. Осы биологиялық негіздемеге сәйкес 2019 жылы «Барсакелмес» қорығынан құландарды Маңғыстау облысының аумағына әкеліп жерсіндіру жоспарланған. Маңғыстауға 1991 жылы «Ақтау-Бозашы» мемлекеттік қаумалына құландар әкеліп жіберілген және олар осы жердің табиғатына тез жерсініп, 150 басқа дейін көбейген»-деді брифингте Ғ.Досатов .

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, балық шаруашылық қоры Прорва кентінен Суэ жеріне дейін 1350 шақырымға созылып жатқан алты балық шаруашылық ауданы 30 учаскеден тұрады, оның 25-і балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген, 8 учаске резервте тұр.

Маңғыстау облысы аумағында 2018 жылы балық аулауға лимит — 1859 т; 2019 жылы лимит — 2567 т. Қалқыма балық түрлеріне майшабақ, тікенді балық (кефаль), қорытпа, ақмарқа жатса, табиғи балықтарға бекіре, шоқыр, қаракөз, сазан, судақ, табан және қалған уақ балықтардың бәрі жатады. Теңіздегі балықтардың алуан түрлілігінің көп бөлігі теңіз және өзен балықтары деп аталса, ал қалған бөлігі өтпелі және жартылай өтпелі балықтар. Каспий балықтарының 40 түрі кәсіпшілік түріне жатады. Сирек кездесетін және «Қызыл кітапқа» енгізілген түрлері – волжалық майшабақ, каспий албырты, ақ балық, құтым т.б.

Балықтың әртүрлілігі тек қана Каспий теңізінде байқалады. Кәсіпшілік балық аулауда ерекше орын алатын жартылай өтпелі балықтар сазан, табан, ақмарқа, қаракөз, ал теңіздің байырғы балықтары майшабақ және тікенді балық (кефаль) көптеп кездеседі. Каспий теңізіндегі итбалық – уақ жемтіктерімен қоректенетін бір ғана балық түрі. Итбалық кәсіпшілік түріне жатады, қазіргі уақытта итбалықты пайдалану тоқтатылды. Каспий теңізінде ауа райының тез өгеруіне байланысты жағалау аймақтарында кефаль балығының қоғалысы анық байқалады. Кефаль теңіздің оңтүстік аймақтарын қыстап, 800 шақырым қашықтықта жүріп Түркменстан теңіз жағалауларына барады.

Каспий теңізінен балық аулаудың өзіндік ерекшелігі бар. Жылдың негізгі бөлігі теңізді дауыл болып тұрады, балықтар өтпелі, наурыз айынан бастап Түрікменстан шекарасы аймағынан кефаль, майшабақ, көксерке балықтары келеді, осы балықтар Баутино аумағынан өткеннен кейін оларды аулау азаяды, себебі теңіздің солтүстік аймақтарында балықтар әр бағытқа кетеді. Сәуір айынан бастап Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр жерінен ақмарқа, сазан, табан, қаракөз, және тағы басқа балықтары келіп, маусым айында қайтып кетеді.

Инспекцияның Түпқараған және Бозашы инспекциясы бөлімдерінің 13 инспекторы теңізде, жағалауда мемлекеттік бақылау, қорғау жұмыстарымен айналысады. Олар 2 суда жүзу құралы және 3 автокөлікпен қамтамасыз етілген. Шекара қызметі, полиция департаменті, транспорт инспекциясы және прокуратура органдарымен біріккен іс-шара жоспары жасақталған.

2019 жылдың 1 сәуірі мен 30 мамыры арасында республика бойынша кең көлемді «Бекіре» акциясы өткізіледі. Қазіргі таңда инспекцияның негізгі күші осы «Бекіре» акциясына жұмылдырылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *