Түркістан облысында қатыгез өгей ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды

526

Түркістан облысындағы Жетісайда 1991 жылғы әйелдің үш қыз балаға жауыздық жасағаны белгілі болды. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшада Әсет Әссанди жазады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Әсет Әссандидің жазуы бойынша,  бір үйдің үш қызына өгей шешелері ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып қойған. «Апалы-сіңлілі — 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. Өгей анасы, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып «күліп тұр» деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік! Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық», — деп жазды.

 Оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз пікір білдірді.  «Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақатын салу арқылы зорлық көрсеткен жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған», — деп жазады Нұрділдә Ораз.

 — Бүгінгі таңда 140-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілгендігі, сонымен қатар қамаққа алу түріндегі жазаны орындау бойынша шара қолданылғаны белгілі болды. Ата-ана құқығынан тек өгей анасын ғана емес, сондай-ақ әкесін де айыру жөніндегі сұрақ қарастырылуда, — деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *