Әуежайларда күшейтілген қауіпсіздік шаралары 10 мамырға дейін жалғасады

63

Қазақстан әуежайларында авиация қауіпсіздігі күшейтілген шаралары 10 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Бұл шаралар Қазақстан Республикасы авиация қауіпсіздігі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асып жатыр. Елімізде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейеді. Авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейген кезде аэровокзалдар ғимараттарына кіреберіс жерде тексерудің бірінші желісі орнатылып, әуежайлардың бақыланатын және бақыланбайтын аймақтарында патрульдеу жүргізіледі», — делінген хабарламада. Аталған шаралар 2019 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *