Елдің инновациялық дамуы үшін ғарышты игеру маңызды

443

17 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстанның Ұлттық музейінде «Ресей және Қазақстан – ғарыш дәуірінің алғашқы ашушылары» тақырыбында пошта маркаларының көрмесі өтті. Шарада жұртшылық назарына шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Карповтың жеке коллекциясы таныстырылды. Көрме Жердің тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагариннің ғарыш кеңістігіне ұшуының 68 жылдығын атап өту мақсатында ұйымдастырылған. Іс-шара барысында Қазақстандағы «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі Мемлекеттік корпорациясы өкілдігінің басшысы Анатолий Красниковпен баспасөз-брифингі өтті.

Ресей Федерациясы және атап айтқанда, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы жоғары технологиялық дамуды жандандыруға мүмкіндік беретін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі. Анатолий Красников баспасөз-брифингі барысында журналистермен бірлескен өзара іс-қимылдың осы күнгі міндеттері, сондай-ақ екі ел президенттерінің жақында болған кездесуінің қорытындысы бойынша белгіленген осы қызметтің жаңа перспективалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Қазіргі уақытта елдер ғарыш саласындағы бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда, бұл республиканың инновациялық дамуына үлкен үлес қосады. Ынтымақтастықтың ең маңызды аспектілерінің бірі – «Байқоңыр» кешенінің қызмет ету белсенділігі, соның арқасында аттас қалада тұратын қазақстандықтар Мәскеу авиациялық институтының филиалында ғарыш саласында жұмыс істеу және жаңа құзыреттерді игеру мүмкіндігіне ие.

Өткен жылы Ресей тарапы Қазақстанға «Бәйтерек» бірлескен ресейлік-қазақстандық кәсіпорны пайдаланатын «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенін тапсырғаны туралы А.Красников атап өтті.

«Қазақстанда зымыран кешенін құру барысында елеулі мультипликативтік әсер байқалатын болмақ, жаңа жоғары білікті мамандар пайда болады, кешеннің инфрақұрылымын жаңарту үшін Қазақстан кәсіпорындары тартылады, жаңа жұмыс орындары құрылады», — деді А. Красников.

Ресей және Қазақстан ынтымақтастығы Қазақстанда KazSat-2 және KazSat-3 спутниктері ұсынған өзіндік ғарыш байланысының ұлттық жүйесін құруға мүмкіндік берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *