Алматыда KITF 2019 туристік көрмесі өтуде

80

Алматыда KITF 2019 туристік көрмесі өтіп жатыр. Бұл көрме Алматыда 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 25 елінен 350 туристік компания қатысуда.  Қалалық туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов хабарлағандай, өткен жылы Алматыға 1 миллионнан астам турист келген. Оның 365-і — Еуропа, АҚШ, Ресей саяхатшылары.

«Бұл көрсеткіш ЭКСПО мен Универсиада өткеніне қарамастан, 2017 жылғы деректермен салыстырғанда 3,2%-ға артық. Алматының туристік тартымдылығын арттыру үшін көп іс жасалып жатыр. Әсіресе, халықаралық туризм туралы сайттарда  жиі жарияланып жатыр. Шетелдік туристердің көпшілігі Алматыны осындай сайттар арқылы тануда. Статистикаға сенсек, туристердің 37%-ы Алматы туралы ақпаратпен халықаралық сайттарда танысқан. 8%-ы ұзынқұлақтан естіп немесе әлеуметтік желі арқылы біліп келген. Қазақстанға еуропалық туристер көп келеді», — дейді Мақсат Қиқымов.

Шынарбек БАТЫРХАНОВ,

Ақмола облысы «Демалыс және туризм индустриясының Ассоциациясы» президенті:

-Бүгін Алматыда өтіп жатқан Халықаралық Туризм және саяхат көрмесінде мыңдаған қонақ біздің қасымызға келіп, жарнамалық құжаттарымызды, материалдарымызды қарап, тамашалап жатыр.

Бурабай — Қазақстанның орталығында орналасқандықтан, жазғы уақытта 800 мыңнан астам турист келеді. Бурабай болашақта Халықаралық туристтік орталыққа айналады. Енді курорттың жұмысы қысы-жазы тоқтамайтын болмақ. Соған байланысты, Елбасының тапсырмасымен, 2012 жылдан бастап үлкен мемлекеттік бағдарламалар құрылды. Оның бірінші кезеңі, 2012-2013 жылдары өтті. Оған үкімет бюджетінен 5 млдр теңге қаражат бөлінді. Одан кейін, Бурабайдың жол мәселесі, инжинерлік инфрақұрылымы, экология инфрақұрылымы шешілді. Бурабайдың өзінде 300-дей демалыс орны бар. Екінші бағдарлама, 2014-2016 жылдарға арналған. Қазіргі кезде 2017-2020 жылдарға арналған бағдарлама жасалып отыр. Оның өзінде, осы жылғыүкімет бюдежтінен 6 млдр теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл үлкен көмек.

Әлемде көп мемелекет туризм арқылы өздерінің экономикасын көтеріп жатыр. Біз де осыған келіп жеттік. Көкше жері-өте қасиетті, өте бай жер. Сондықтан, шамамыз келгенше, осындай халықаралық көрмелерде біз өзіміздің жерімізді көрсетіп, Отандық туристерді былай қойғанда, шет елдік туристерді шақырып жатқан жайымыз бар.

Мирас ШАКИЕВ,

Visit Almaty менеджері:

-Алматы қаласына туристтердің келуі 40%-ға артты. Біздің, орталығымыз туристерге кеңірек ақпарат береді. Оларға қажетті деңгейде көмектесетін, кітапша, журнал, карталарымыз бар. Біздің көмегімізге күніне 100-ден аса турист жүгінеді. Бұл көрсеткіш, бір айда 5000 мың туристке дейін жетеді.

Сәуле АРГИНОВА,

Павлодар қаласындағы «Пять звёзд» турфирмасының қызметкері:

-Біздің облыстағы ең көрікті де, ғажап мекен-Баянауыл. Бұл жерден елімізге белгілі атақты тұлғалар өмірге келген. Шәкен Айманов бір сұхбатында: «Мен Баянауылдай әдемі жер көрген жоқпын. Бұл жерден музыка ойнап тұратындай»,-деген екен.

Біздің көлдеріміз, тастарымыз, қорғандарымыз, археологиялық тарихи жерлеріміз өте көп. Осылардың барлығын аралап, зерттеп, таныссақ- рухани бай боламыз. Өйткені, бұл өте көлемді, сыйқырлы, тылсым жер.

Шет елден келетін туристер өте көп. Олар біздің табиғатымызға қатты қызығады. Одан кейін, тарихи сокарльды жерлерде саяхаттайды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *