ҚЫЗҒАЛДАҚТЫ ЖҰЛҒАНДАР ЗАҢ АРҚЫЛЫ ЖАЗАЛАНАДЫ

696

ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлу, автожолдар бойында, басқа да орындарда сату жайттарын анықтау, алдын алу жолын кесу мақсатында биыл рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Хамит Жорабеков қызғалдақтарды қорғауға бағытталған шаралар бойынша тоқталды. Ал, Түркістан облысы полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев қызыл кітапқа енген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдағын жұлушылар жауапқа тартылатындығын жеткізді.

«ҚР қызыл кітабына енгізілгеннен кейін  «Грейг» және «Коуфман» қызғалдағын  заңсыз жұлу ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында  көзделген қылмыстық жауапкершілікпен қаралады. Құқық бұзушының әрекеті дәлелденген жағдайда оған сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасына алып келіп соқтыруы мүмкін. Жыл басынан облыс тұрғындары заңсыз жұлған 57 дана қызғалдақ тәркіленді»,  – деді Түркістан облысы полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Н. Тұманбаев.

Сондай-ақ, Сырдария – Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы Ғани Назарбек табиғат аясында демалуға шыққан көпшілік әлеуметтік желіде қызғалдақтармен түскен суретін еш  қымсынбастан жариялап жатқанын айтып, баға жетпес жауһарымызды көздің қарашығындай сақтау қажеттігін жеткізді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *