Зидан «Реалдағы» бес футболшыдан құтылмақ

800

Мадридтік «Реал» бапкері Зинедин Зидан жазғы трансфер кезінде командадан кететін футболшыларды анықтады, — деп хабарлайды AS.com.

Басылымы мәліметінше, клубтан бес футболшы кетуі мүмкін: Даниэль Себальос, Маркос Льоренте, Гарет Бэйл және Мариано Диас. Келесі маусымда Браим Диас та командада ойамайды, оны басқа клубқа жалға бермек.

Зидан Роналдудың орнын ешкім баса алмайтынын мойындады

Сонымен қатар, қорғаушы Марсело мен жартылай қорғаушы Тони Крооса мен Исконың тағдыры сұрақ астында. Клуб осы футболышлар бойынша да трансфер мәселесін қарастырмақ.

Биылғы маусымда «Реал» Чемпиондар лигасы мен Испания кубогы үшін жарыстан шығып қалды. Испания чемпионатында мадридтіктер үшінші келеді, көш басындағы «Барселонадан» 13 ұпай артта.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *