Әмина Нұғманованы еске алу кеші өтті

2461

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыкасы факультеті, Халық әні кафедрасының ұйымдастыруымен әнші, педагог Әмина Нұғманованың 90 жылдығына арналған «Назқоңыр» атты еске алу кеші өтті.

Ән өнерінің деңгейін биіктетіп, қазақтың болашақ әнші-өнерпаздарының кәсіби дәрежеде жоғары білім алуына ерекше ықпал еткен-Әмина Нұғманованың есімі көпшілікке таныс. Оның осы еңбегінің арқасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жанынан халық әндерін орындаушылардың дайындық бөлімі ашылып, кейіннен «Халық әні» кафедрасы құрылды. Әмина Нұғманованың бұл еңбегі үшін кейінгі ұрпақ, жастарға үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиенің, білімнің негізі. Қазақ радиосының алтын қорында Әмина Нұғманованың орындауындағы көптеген әндер және өнертану ғылымына қосқан елеулі еңбектері қалған. 

Әмина Нұғманованың 90 жылдық  мерейтойына арналған коцерт, шағын бейнефильммен басталды. Концертте Дана Ағзамова — Халық әні «Әпитөк», Болатбек Құбашев — Мұхиттың әні «Дүние», Еркін Шүкімән — Ақан серінің әні «Майдақоңыр», Халық әні «Қарағым-ау», Сіләмғали Дәуренбек — Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз», Динара Көшербаева — халық әні «Жиырма бес», Ахмет Қазытай — халық әні «Ағажай Алтай», Нурадин Бек — халық әні «Жеңеше», Байбақты Ідірбай — Мұхиттың әні «Зәуреш», Тілеулес Құрманғалиев — Иманжүсіп «Сарыарақа», Сымбат Елтоқ — Үкілі Ыбырай «Гәкку», Ақжол Өсербай — халық әні «Япура-ай», Біржан Айтахметов- халық әні «Майда жал», Амангелді Күзеубай — Біржан салдың әні «Жалғыз арша» әндері орындалды.

 Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(суреттерді түсірген автор)

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *