Президент Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

1486

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. 

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты.

Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесі талқыланды.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *