Атырау облысында күшті жел ғимараттардың шатырларын жұлуда

416

Атырау облысында қатты желдің әсерінен шатырлардың жұлынуы бойынша екі дерек тіркелген, — деп хабарлайды kazgazeta.kz  Zakon.kz  сайтына сілтеме жасап.

18 сәуір күні Исатай ауданына қарасты Х. Ерғалиев ауылында секундына 18 метр жылдамдықпен соққан қатты дауыл Ғ. Масалимова атындағы орта мектептің аумағы 45 шаршы метр болатын шатырын жұлып әкеткен. Қуанышқа орай, қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.

Дәл осы күні, Жылой ауданының Тұрғызба ауылында секундына 21 метр жылдамдықпен соққан жойқын желдің нәтижесінде №4 мектептің аумағына бөлек тұрған екі қабатты ғимараттың көлемі 261 шары метр болатын шатыры құлаған. Қаза тауып, зардап шеккендер жоқ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *