Парламент Сенатының Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айтты

575

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Жамбыл облысында болған ірі жол-көлік оқиғасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.

«Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан он бір адамның қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, шынайы көңілмен қолдау білдіремін, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазіргі уақытта барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп, қызметтер жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *