Ақордада Қазақстан мен Корея Президенттерінің кездесуі өтіп жатыр

1521

Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен екіжақты кездесу өткізіп жатыр, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарт тілшісіне сілтеме жасап.

Алдымен екі елдің Президенттері бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін екі елдің әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары екіжақты келіссөз өткізіп жатыр. Айта кетейік, Корея Президенті сапар аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізіп,  Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатыспақ.  Нұр-Сұлтанға Корея Президентінің жұбайы келген. Ол бүгін «Назарбаев» Университетіне барады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *