«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтеді

360

Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan»  партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтеді.

Съезд  барысында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілетін болады. Қазіргі уақытта партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың саны белгілі болды. Мәселен, Алматы облысынан 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келмек. Жалпы, съезд жұмысына 1500 адамның қатысатындығы жоспарланған. Айта кетерлігі, бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Саяси кеңесінің отырысын өткізді.  Оған Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты. Сондай-ақ отырысқа партияның кезектен тыс XIX съезінің делегаттары да шақырылды. Іс-шара барысында аталған съездің қарауына шығарылатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясынан кандидат ұсыну туралы мәселе талқыланып, съездің жұмыс органдарының құрамы пысықталды. Естеріңізде болса, 9 сәуірде республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  2019 жылдың 9 маусымда өткізу туралы шешім қабылдағанын жария еткен болатын.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *