Түркістан облысының аграрийлері 5,7 млрд. теңгеге қаржыландырылды

882

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің негізгі қаржыландыратын еншілес компаниялары, Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумның негізгі мақсаты осы болып табылады. Бұл туралы «Холдинг «КазАгро» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды қолдана отырып, өңір аумағында іске асырылатын жобаларды айқындау және оларды мемлекеттік қолдау (инвестициялық субсидиялау және сыйақы ставкаларын субсидиялау), ақпараттық және консультациялық қызметті жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бизнес-жоспарларды уақтылы қарау бойынша үйлестірілген жұмыс туралы уағдаласты.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ төрағасы Жандар Омаров және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарушы директоры Алмас Таубаев облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды пайдалана отырып және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жобалар» семинары аясында Түркістан облысына барды. Семинар барысында инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңдарының құрылысы, құс етін өндіру, сүт фермалары, жылыжай, балық шаруашылығы, қарқынды бау-бақша шаруашылығы, шағын несие беру және т. б. жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.

Өз сөзінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров Қордың 2017 жылдан бастап «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыратынын атап өтті. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органдардан 27,2 млрд.теңге мөлшерінде, оның ішінде Түркістан облысы бойынша – 3 млрд. теңгеден астам қарыз тарту жоспарлануда. Бұл ретте республика бойынша Қордың жалпы қаржыландыру көлемінің 11,2% — ы Түркістан облысына тиесілі болады.«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Түркістан облысының АӨК қолдауының жалпы көлемі жыл басынан бері 5 771,9 млн.теңгені құрады.

Холдингтің еншілес компанияларының инвестициялық портфелі жылдың басында 2030 жұмыс орнын құрумен 43,5 млрд. теңге сомасына 72 жобаны құрайды, жалпы құны 500 млрд. теңгеден асатын 672 инвестициялық жоба іске асырылды, пайдалану кезеңінде құрылатын жұмыс орындарының саны 21 мыңнан астам.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *