Бүгін Nur Otan партиясынан Қазақстан президенттігіне үміткердің есімі белгілі болады

226

Елімізде кезектен тыс сайлау өтетіні жайында осыдан бірер апта бұрын айтылған болатын. Содан бері көпшілікті саяси науқанға қатысушылар есімі алаңдатып жүр. Әртүрлі болжамдар жасалып, әрқалай дәйектер алға тартылды. Ал енді олардың қайсысы дөп түскені бүгін белгілі болады. Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан президенттігіне үміткердің есімі жарияланады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Nur Otan Елбасы анықтап берген еліміз үшін маңызды құндылықтар — тәуелсіздік, жалпыұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті қуатты экономика, білімді өркендеген қоғам және бүкіл әлем мойындаған беделді мемлекет құру сияқты басымдықтарды сақтайды. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін партияның ұзақмерзімді саяси көшбасшылығын сақтап, оны әрі қарай нығайту керек. Бұл — бізге жүктелген үлкен жауапкершілік.

Еліміздегі бас партияның 19-шы съезінде саяси науқанға түсетін үміткер анықталады. Nur Otan партиясының жарғысы бойынша ол үшін Партия Төрағасының бастамасымен еліміздегі барлық партия бөлімшелерінің өкілдері орталық аппаратқа шақырылады. Жиналыс қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, бастауыш партия ұйымы Бюросының (төрағасының) шешімі бойынша шақырылады және оған бастауыш партия ұйымы мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болады. Жиналыс шешімі қатысып отырған бастауыш партия ұйымы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Айта кетейік, дәл осындай мәселеге қатысты нұротандықтар тура 4 жыл бұрын да жиналған болатын. Партияның 16-шы съезіне еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық адам қатысты. Ол кезде кезектен тыс сайлуға үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы мақұлданды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *