Ақтауда 170 стартап жоба таныстырылды

258

Сәуірдің 20-сы күні Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Caspian Startup-2019» оқушылар мен колледж студенттері арасындағы тұңғыш стартаптар конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Екінші рет ұйымдастырылған бизнес-идеялар сайысына  190-нан аса жобадан өтініш келіп түсті, оның 170-і жарысқа қатысты. Жастарды кәсіпкерлікке баулып, тың идеяларды іздеген сайыс биыл «ІТ», «Ғылым және технология», «Әлеуметтік жобалар», «Туризм», «Агробизнес» бағыттары бойынша үздік стартаптар анықталып, 25 –і ақтық кезеңге өтті. Олар сәуірдің 27-сі күні жарыстың ақтық кезеңінде кәсіпкерлерден құралған қазылар алқасында қорғап, жүлделі 1 миллион 750 мың теңге үшін таласатын болады.

  • Өткен жылы 127 жоба жүлделі үш орын үшін таласқан болатын. Бірақ, ол кезде бағыттардың әртүрлілігіне байланысты қазылар алқасына үздік жобаларды анықтау қиын болған еді. Сондықтан биыл бес бағытқа бөлуді дұрыс санадық, -дейді зияткерлік мектептің директоры Ермек Пайзов.

Қатысушылар «Әлеуметтік жобалар» номинациясында белсенділік көрсетті. 53 жобаның ішінен бес жоба ғана іріктеліп алынды. Ал «Агробизнес» номинациясына 40, «Туризмге» — 35, «Ғылым және технологияға» 45 өтініш келді. Ал «ІТ» номинациясына 21 жоба қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, байқау үш кезеңнен тұрады. Қатысушы ең алдымен жобаның маңыздылығы, сұранысы, тиімділігі туралы презентация дайындап, www.caspianstartup.kz сайтына 13-сәуірге дейін тіркелуі міндеттелді. Ал 20 –сәуір күні байқаудың қазылар алқасы келген жобалардың ішінен ең үздік 25 жобаны таңдап, ақтық кезеңге жолданды. Іріктеуден өткен қатысушылар 27 сәуірде бизнес-жобаларын кәсіпкерлер мен қазылар алқасының алдында қорғайды. Әр номинацияның жеңімпазына 350 мың теңге беріледі.

  • «Caspian Startup-2019» — тамаша жоба. Қазіргі таңда стартап –бизнестің жетекші бағыттарының бірі. Бұл жастардың өзін-өзі көрсетіп, жоба ұсынуына таптырмас мүмкіндік. Шараға қатысқан әр кәсіпкер балаларға кеңес беріп қана қоймай бірнеше жылдық тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жобаларын жүзеге асыруға атсалыса алады. Сол себепті мұндай жарысқа бизнесмендердің көптеп қатысуы маңызды,- дейді қазылар алқасының мүшесі, «Prestige» жиһаз салонының негізін қалаушы Ирина Беляева.

Стартап жобалар байқауына «MKS Logistics» ЖШС, «Mediana» ІТ-компаниясы, «EXPO&WOMEN», «Евровояж» тур агенттігі, «ТЕТИС» ЖШС демеушілік етуге ниет білдірді. Ал Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Mangystau» телеарнасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Маңғыстау облыстық филиалы байқау серіктестері атанды.

Сонымен қатар, жарыс қатысушыларының кәсіпкерлікке ынтасын арттыра түсу мақсатында облыстың белді бизнес-тренерлері мен кәсіпкерлері арнайы шеберлік сағаттарын өткізді.

Финалға өткен қатысушылар тізімін caspianstartup.kz сайтынан көруге болады.

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебініңбаспасөз қызметі

Байланыс: Тел: 70 10 66;

+7 701 123-08-85- Сауле Бекгалыевна,

+7 778 907 16 08 – Рысгүл Мәтжанқызы

Web site: www.caspianstartup.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *