Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды

636

Танымал қазақстандық тележүргізуші Майя Бекбаева «Хабар» агенттігінің «Kazakh TV» арнасына директор болып тағайындалды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz 24.kz cайтына сілтеме жасап. 

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «халықаралық журналистика» факультетінде оқып, үздік бітірген. Қаршадай 12 жасында «Пульс времени» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған.

Телевидениеге 2000 жылы журналист болып келген ол, Алматыдағы «Шахар» арнасына бас редактор болып тағайындалды.

2005 жылы алматылық «Таң» арнасында тілші, кейін бас редактор болды. 2009 жылы «Қазақстан» ТРК-сына жұмысқа орналасты.

Ал 2012 жылы «7 арна» ұжымының мүшесі атанды. 2016 жылы тележүргізуші «Хабар» агенттігінің телеарналарында бірқатар бағдарлама жүргізе бастады.

Майя Бекбаева тұрмыста, екі баласы бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *