КАВКАЗДАҒЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТАМАҚТАНУЫН ЖАҚСАРТУ

822

Дұрыс тамақтанбаудың қос ауыртпалығын төмендетуге бағытталған  шешуші шараларды қабылдау үшін жеті елдің өкілдері Қазақстанға келді. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы баспасөз қызметі хабарлайды. 

Симпозиум аймақтағы дұрыс тамақтанбаудың барлық түрлерін, оның ішінде өсудің артта қалуын, семіздік пен микроэлементтердің жетіспеушіліктерін қоса алғанда, аймақтағы тамақтану жүйесін толығырақ түсіну мен оны басқаруды жақсарту арқылы шешуге бағытталған. Кавказ және Орталық Азия аймағы қос ауыртпалықты бастан кешуде, онда балалардың семіздігі мен бойының өспей қалуы бар. Осылайша, балардың және жасөспірімдердің толыққанды тамақтабауының салдарынан балалардың 10%-дан астамы олардың әлеуетінің өсуіне жетпейді, ал өз кезегінде, семіздік көрсеткіштері 2000 жылдан бастап 80%-дан астам артқан.

 Толыққанды тамақтанбаумен күресуді жеделдетуге бағытталған шешімдерді ілгерілету мақсатында Азық-түлік пен тамақтанудың тұрақты жүйелерін басқару үшін әлеуетті арттыру жөніндегі аймақтық симпозиум тамақтану саласында әлеует пен әріптестікті дамытудың Өңірлік платформасына мүше мемлекеттердің өкілдерін: Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері, ғалымдар мен сарапшыларды жинады. Симпозиумның қатысушылары тамақтану мәселелерімен айналысатын негізгі тұлғалар мен қатысушылардың мүмкіндіктерін кеңейтудің өңірлік те тіктерін әзірлейді.

«Дұрыс тамақтанбаудың қос ауыртпалығының феномені кіші жастағы миллиондаған балалардың аман-саулығына жағымсыз түрде әсер етіп, олардың өсуіне және когнитивтік дамуына кедергі болады, сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың, мүгедектіктің және ерте қайтыс болудың қатерін туғызады. Бұл негізінен қазіргі балалардың диетасының құрамы оған қажетті тағамдық рацион саны, жиілігі, не сапасы жағынан да қанағаттандыра алмағандығынан», — деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Азық-түлік жүйесінің барлық қатысушылары – барлық секторлардың басқарушы топтары, азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілері — әдетте азық-түлік және ауыл шаруашылық саясаттарының өсіп-өнуіне, өндірілуіне, таратылуына және сатылуына байланысты ұлттық саясатты айқындауда  балалар мен жасөспірімдердің нәрлі элементтерге деген қажеттіліктерін ескермейді. 

Кең ауқымда және қол жетімді бағамен тұрғындарға технологиялық қайта өңдеуден өткен және тағамдық құндылығы төмен азық-түлік өнімдері ұсынылады, ал сіңімді тағамдар көбіне қымбат және қолжетімді емес. Азық-түлік ортасы көбінесе балалар мен жасөспірімдердің тағамдық рационын қолдамайды және ықпал етпейді. Жергілікті, ұлттық және дүние жүзілік азық-түлік жүйелері балалар мен жасөспірімдерді бүгін және келешекте нәрлі, қолжетімді және тұрақты рационмен қамтамасыз ету үшін жауапты болуы қажет.

«Біз секторлар арасында — парламенттермен, денсаулық сақтау, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім, әлеуметтік қорғау министрліктерімен, азық-түлік және тамақтану, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау секторларының басшыларымен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіспіз. Көптеген жеткізілімдер жүйесін пайдаланатын үкіметтердің тек жүйелік және бірлескен сектораралық көзқарасы қазіргі тамақтанудың қосарлы ауыртпалық жағдайын жақсартады. Жоғарыда келтірілген жеткізу жүйелері арасындағы азық-түлік жүйелерінің маршруты барлық секторлар тарапынан тұрақты және оң өзгерістерге қол жеткізу үшін бірегей мобилизациялық рөл атқарады, яғни, тамақ өнімдерін өндіруден бастап, тамақтың баланың табағына келіп түскеніне дейін», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік бөлімшесінің  денсаулық және тамақтану саласының маманы Амирхосейн Ярпарвар.

Симпозиумды ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия бойынша Өңірлік бюросы (ЕОА) Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік мәселелері жөніндегі Тұрақты комитетімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды, және тамақтану саласындағы әлеует пен әріптестікті дамытудың Өңірлік платформасы Іс-қимыл жоспарының бір бөлігі болып табылады, ол  2018 жылғы шілдеде жоспарлы іске асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдаған 8 елдің қатысуымен іске қосылған болатын. Қазақстан үкіметі Өңірлік платформаның хатшылығын екі жыл бойы басқарады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *