2024 жылға қарай «Самұрық-Қазына» Орталық Азиядағы жетекші жұмыс берушіге айналмақшы

639

Астана Конгресс-орталығында «Бақытты ұйымдастыру» тақырыбында XIV Халықаралық адам ресурстарын басқару конференциясы өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бейне хабарлама арқылы алғы сөз сөйледі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚҚоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлайды.

Қор басшысы өз сөзінде алдағы жылға арналған жаңа мақсаттар мен жоспарларды белгіледі. Оның айтуынша, бұл бағыттағы негізгі мақсат — Қордың басты капиталы, яғни қызметкерлерінің тиімділігін сақтау және арттыру.

«Қордың және әрбір компанияның жұмыс беруші ретіндегі абыройын арттыруға арналған жұмыс жүргізу керек. 2024 жылға қарай Қор Орталық Азиядағы бірінші жұмыс беруші, ал 2028 жылға қарай ТМД кеңістігіндегі ең үздік 30 жұмыс беруші болуы тиіс»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың портфельдік компанияларының басшылары мен HR-мамандарына 2018 жылы атқарылған жұмысы үшін алғысын білдірді. Ол былтырғы жылға межеленген барлық тапсырмалардың орындалғанын атап өтті.

Бір жыл ішінде Қор HR саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: компаниялардың басшыларын көшбасшылық бағдарламалары бойынша оқытты, портфелді компанияларда конкурстық іріктеу механизмін енгізді, негізгі лауазымдардың мұрагерлер пулын жасақтады, сондай-ақ Қордың компанияларына  жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламаларын жүзеге асырды, және сатып алу саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Бұдан басқа, Қордың және портфельдік компаниялардың кадрлық саясаты олардың Даму стратегиясына сәйкестендірілді және персоналмен жұмыс істеу бағытындағы 2028 жылға дейінгі негізгі мақсаттар айқындалды. Бұл корпоративтік мәдениетті дамыту, ашық таңдау, меритократия қағидаттарын сақтау, таланттарды басқару және жоғарғы әлеуетті және тиімді қызметкерлерді жұмылдыруға, сақтауға көмектесетін басқа да процестер.

Айта кеткен жөн, өткен жылдың сәуір айында Холдинг басшысы Қордың жаңа кдрлық саясатын таныстырған болатын. Жаңа кадрлық саясаттың шеңберінде негізгі басқарушылық лауазымдарға сабақтастық қағидаттары енгізілді, бұл компания қызметкерлерінің арасында жоғары сапалы кадрлық резерв қалыптастыруға мүмкіндік берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *