Алматыда «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өтті

908

Алматыда орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындары өтті. Шараға Алматы қаласы аудандарының жеңімпаздары қатысты.

Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы, АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық сайыстар, тартылу мен қолдың бұлшық еттерін қатайту  бойынша сайысқа түсті. «Жас ұлан» ойындары адамның спортқа деген қабілетін арттыратын, жастардың қиын жаттығуларға бейімдігін, төзімділік қырларын ашатын ойын болып табылады.

 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының   аясында Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының 15-16 жастағы оқушылар арасында өткен    «Жас Ұлан» әскери- спорттық қалалық туры Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым минстрлігінің 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес  Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы  бойынша өткізілді. «Жас Ұлан» әскери- спорттық ойындарының  мақсаты — жастарды отансүйгіштікке,  әскери өмірге тәрбиелеу,  салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.Осындай ойындар арқылы  жастардың бойындағы  ептілік, шыдамдылық, тапқырлық, табандылық секілді қасиеттерін  дамыта аламыз.Кезінде туған жерімізді білектің күшімен  найзаның ұшымен қорғаған ата-бабаларымыз секілді елін, жерін қорғайтын батырлар тәрбиелеуде  осындай ойындардың  орны маңызды» — дейді №1 оқушылар үйінің директоры Дәуірхан Қожахметов.

Жеңімпаздар I, II, III   дәрежелі дипломдармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған іс-шарадан барлық қатысушылар ерекше сезіммен қанаттанып тарқасты.

Жанарбек Алихан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *