ЖАСТАР ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕЙДІ

784

27 сәуірде «Жастар жылы» аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Жастар дәстүрді дәріптейді» атты Алматы қаласы Жоғарғы оқу орындары арасындағы дәстүрлі өнер фестивалі өтеді.

Фестиваль мақсаты:

– елімізде жарияланған «Жастар жылын» қолдау;

– жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу;

– дәстүрлі өнер түрлерін заманауи бағытта жаңғырту;

– халық ауыз әдебиеті эпос жырларындағы және мәдениетіміздің үздік құндылықтарындағы бабаларымыздан мирас болған салт-дәстүрлерімізді өскелең ұрпаққа насихаттау;

– дарынды жастарды, өнер ұжымдарын анықтап, қолдау көрсету.

Фестиваль ерекшелігі: Алматы қаласындағы ЖОО студенттері мен шығармашылық үйірмелері қатысады.Фестивальда халқымыздың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш–Баянсұлу», «Айман, Шолпан», «Еңлік–Кебек» сынды халық ауыз әдебиеті эпос жырларындағы және мәдениетіміздің үздік құндылықтарындағы бабаларымыздан мирас болған салт-дәстүрлерімізден үзінді алып, сахналық қойылым үлгісінде көрсету. Қойылым ұзақтығы 30 минут.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *