Әзілмен өткен әдемі кеш

626

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен маңғыстаулық ақын, сазгер, балалар жазушысы, сатирик, Халықаралық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері Ерекен Қорабаевпен кездесу өткізді.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» деп сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Нұргүл Алмасқызы Жанназарова кеш қонақтарына алғысын білдіріп, өнер иесіне табыстар тіледі.

Шығармашылық кеште№21 мектептің мұғалімі Ж.Мұрсалованың жетекшілігімен бір топ оқушы Е.Қорабаевтың өлеңдерін жатқа айтса, пән мұғалімі Ә.Бимурзаева ақынның «Сыр-сауал» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Шара барысында көрермендер ақынның өлеңдерінен үзінді келтіріп, шығармашылық кештің шырайын келтірді. Департамент қызметкерлері Ж.Шыртанова «Қыз өлең» деген шығарманы нақышына келтіріп оқып берсе, ал ақынның жерлесі Х.Құспанова «Ескі тоған» атты өлеңді оқи отыра тоған жағалай ойнаған балалық шағы көз алдына келе қалатынын әңгімеледі.

Департаментте мемлекеттік қызметшілерге арналып жасақталған «Рухани жаңғыру» атты кітаптар бұрышына ақын өзінің «Маңғыстау әзілдері», «Есі бар тентек» кітаптарын естелікке ұсынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *