Елордада ҚР Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтуде

232

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті — Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтуде.

«Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады. Бүгінде құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып отыр», — деді жиында Ассамблея жайлы Елбасы.

Сонымен қатар, «Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен, ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қалалық өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов тағайындалды», — деп ҚР Тұңғыш Президенті ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарларын таныстырды.

ҚХА XXVII сессиясына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Сурет ҚазАқпарат сайтынан алынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *