МАҚТААРАЛДА СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН

197

Бүгін Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Татеевтің бөлім тарапынан І тоқсанда атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Бөлім басшысының айтуынша, бекітілген жоспарға сәйкес жылдың бірінші тоқсанында жалпы 37 спорттық іс-шара өткізіліпті. Қазіргі таңда ауданда 2 спорт мектебі және «Мақтаарал» футбол клубы жұмыс істеуде. Аталған спорт мекемесінің жаттықтырушылары мен әдіскерлері жасөспірімдерді спортқа тарту мақсатында ашық сабақтар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Спорт мекемелерінде спорттың 12 түрі дамытылып, 57 жаттықтырушы 1461 спортшыны спортқа баулып отыр. Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 38684 адамды құрап, барлық жастағы тұрғындардың қамтылуы 29 %-ға жеткен.

Қазіргі таңда үш мүгедек жасөспірім спорттың қол күрес түрімен тұрақты түрде шұғылданып келеді. Аталған спортшылар қол күресінен 2019 жылдың 26-30 наурыз күндері Талдықорған қаласында өткен ҚР Чемпионатына қатысып, үшеуі де жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Осылайша 2019 жылдың маусым айында Қырғызстан Республикасында өтетін Азия Чемпионатына жолдама алған.

Айта кетейік, ауданда 244 спорт нысандары тіркелген. Оның ішінде 54 спорт залы, 188 спорт алаңшасы, 2 стадион бар. Аталған спорттық нысандарға аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануларына мүмкіндіктер қарастырылған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *