Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

735

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуында оңтүстік астанасының орны ерекше екенін атап өтті.«Құрметті алматылықтар, Алматы — тарихымызда айрықша маңызы бар қала. Дәл осы қалада 1986 жылдың желтоқсанында бұрыңғы Кеңес одағы елдерінің дамуына елеулі әсерін тигізген Тәуелсіздік декларациясы қабылданды. Осындай шуақты мереке күні Алматыда болу мен үшін үлкен құрмет, осында туып-өстім, оқуды аяқтап, Тәуелсіз Қазақстан игілігі үшін жұмыс істей бастадым. Алматының маңызы әрқашан зор болды, алматылық — қайталанбас бренд әрі нағыз интернационализмнің үлгісі», — деді Тоқаев.

Cондай-ақ, Президент Алматының іскерлік, мәдени, білім және туристік орталық екенін айтып өтті. «Алматы — шағын және орта бизнестің орталығы, онда жұмыс орындары құрылады, бюджеттің ақшасы реттеледі, біздің ендігі мақсатымыз — халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Алдағы уақытта экология, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін шешуіміз керек. Қуанышқа орай, біздің қала тұрғындар үшін және шетелдіктер үшін жайлылықтың үлгісі», — деді Тоқаев.
Қазақстан Президенті қаланың барлық тұрғыны бейбітшілік пен келісім сақтауға, бір-біріне өзара құрмет көрсетуге және өзара келісім жасасуға өз үлесін қосып жатқанын айтты. «Бірлік пен келісім — біздің халықтың жылдар бойы ең ауыр кезеңдерден бері сақтап келген құндылықтары. Еңбек, құрмет, бірлік арқасында біз Тәуелсіздікке жеттік, экономикада көп жетістікке жеттік, біздің елімізді бүкіл әлем құрметтейді. Бүгінде әрбір қазақстандық, этникасына қарамастан, өзін үлкен отбасының бір бөлігі сезінеді», — деді Мемлекет басшысы.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *