Сәуір айында теңге бағамы біршама тұрақтанды

2029

Сәуір айындағы теңгенің долларға шаққандағы құнында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сәуірдің 1-інде 1 доллардың құны — 380 теңгемен басталған болса, сәуірдің соңында — 381,94 теңгемен аяқталды. Ай ішінде доллардың құны үш рет 377 теңгеден дейін төмендеген. Сарапшылар теңге құнының біршама тұрақтылығын алда келе жатқан сайлаумен байланыстыруда.  Дегенмен, кейбір сарапшылар теңгенің құны біршама нығаюы мүмкін деген болжам жасаған. Доллардың теңгеге шаққандағы құны — 370 теңгеге дейін түсіп, теңге инфляция тұрақталуы мүмкін деген болжам расқа айналмады. Керісінше, доллар құны аздап болса да өсіп отырған. Бұл тенденция жыл соңына дейін сақталмақ. Әрі доллар құны қсе түседі, теңге құнын жоғалта бермек. 

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *