Парламент көп балалы отбасыларға несиеге үй беруді заңмен бекітті

3314

Сенат Тұрғын үй қатынастары жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерді қабылдады.

Қазақстандағы көп балалы отбасыларға несиеге берілетін пәтер кезексіз әрі жеке тізіммен берілетін болды. Мұндай норма «ҚР Тұрғын үй қатынастары жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заңға енгізіліп, Сенаттың қабылдауынан өтті.

Мәжіліс депутаты, заң жобасының авторларының бірі Шавкат Өтемісовтің мәлімдеуінше бұл құжат І Президенттің тапсырмасы бойынша дайындалған әрі көп балалы отбасылар мен жастардың баспана мәселесін шешу мақсатында заңнамалық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Құжаттың негізгі мақсаты «көп балалы отбасыларға несиемен үй беруді (сатып алу еркінсіз)» қамтамасыз ету, сөйтіп тұрмысы төмен отбасыларға арналған тұрақты коммуналды-тұрғын үй қорын» құру.

«Жаңа енгізілген норма бойынша, «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» алқаларға ие болған көп балалы аналар үшін арнайы тізім жасалмақ. Қазіргі сәтте кезекте 31 725 көп балалы отбасы тұрады.

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *