Қазақ радиосы «Нұрлы жол» вокзалы жолаушыларына тосын сый жасады

1189

1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС «Қазақ радиосының» ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» вокзал кешенінде мерекелік концерт өтті.

Шараның мақсаты – көпұлтты мемлекетімізді мекен еткен халықтардың мызғымас бірлігін және ұлтаралық татулықты ұлықтау. Республикамыздың барлық өңірін қамтитын Қазақ радиосының тікелей эфирі арқылы заманауи үлгідегі «Нұрлы жол» вокзал кешінінің сыртқы имиджін арттыру, танымалдылық аясын кеңейту.

Бірлігі жарасқан көпұлтты мемлекетіміздің мерейін асырар мерекелік концертте Құрмаш Маханов, Ерлан Рысқали, Шахаризат Сейдахмет, Аяулым Қамажан, Айбек Бекбосынов, Ләйлә Исаева, Оралхан Алтынбеков, Рухия Байдүкенова, «Дара» дуэті өнер көрсетті.

Шара аясында көрермендерге арналған сұрақ-жауап, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жолаушылар мен тұрғындар көшпелі студия арқылы тікелей эфирде сұхбат берді. Белсенді қатысқан көрермендер арнайы сый-сияпатқа ие болды.

Айта кетейік, сәуір айында Қазақ радиосы «Нұрлы жол» вокзалына қосылды. Бүгінде үнжария сапарға шыққан тұрғындар мен қала қонақтарына кешеннен хабар таратады.

Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *