Индонезияда ел астанасы басқа қалаға көшірілуі мүмкін

199

Индонезияның жоспарлау министрлігі астананы Жакартадан басқа қалаға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ВВС басылымы жазды. 

«Индонезия президенті мемлекет астанасын ауыстыру туралы маңызды шешім қабылдады. Жаңа астананың орны әлі белгісіз. Дегенмен, Борнео аралындағы Палангкарая жері таңдалуы мүмкін деген болжам бар. Ал он миллионнан астам тұрғыны бар Жакарта қаласы өте жылдам дамып жатыр», — деп жазады басылым. Келтірілген деректерге қарағанда, Индонезия президенті Видодо сайлаудағы жеңісі туралы хабарлаған кезде астананы ауыстыратынын айтқан еді. Дегенмен, сайлаудың ресми нәтижелері тек 22 мамырға қарай хабарлануы тиіс.  Индонезияның бас қаласын көшіру туралы идея мемлекет тәуелсіздігін алған 1945 жылдан бері бірнеше рет айтылған болатын. Ал 2016 жылы әлемдегі ең үлкен көлік кептелісі Жакартада болатыны анықталған. Сонымен қатар Жакарта әлем бойынша су астына ең жылдам кетіп бара жатқан қала саналады. Ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға қарай мегаполистің тең жартысын су басуы мүмкін.

Толығырақ: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *