Мәжіліс депутаттары Атырау облысының шалғай елді мекендерін аралады

197

ҚР Мәжіліс депутаттары Азғыр өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-сапардың басты мақсаты — Азғыр өңіріне газ тарту және оның жұмыс барысымен танысу.
Тұрғындармен кездесуге Парламент депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасбулатов, Тарас Хитуов, Сергей Симонов және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов келді.
Өз сөзінде ҚР Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұxамбетов ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін 10 елді мекенге газ тартылатынын атап өтті.
— Бұл елді мекендегі ең үлкен жұмыс — газ жүргізу. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осы үлкен жұмысты бітіргелі жатыр. Жаңа біз жұмыс барысының қалай жүріп жатқанын қарап өттік. Ұзындығы 365 км құрайтын жұмыс сәтті аяқталғалы жатыр. Алдымыздағы мамыр айының аяғында іске қосылуы тиіс. Бұл жерге бір айдың көлемінде көгілдір отын жететін болады. Сонда 10 елді мекен газбен қамтылады. Бұның бәрі Елбасының жеке туғызып отырған мүмкіндігінің арқасы, — деді мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Сондай-ақ, депутат атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау және жалақы өсіру төңірегінде Елбасы қабылдаған тапсырмаларды халыққа таныстырып өтті.
Жиын соңында мәжіліс депутаттары тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, бұл жоба 8 мың тұрғыны бар 10 елді мекенді қамтиды. Азғыр аймағындағы газ құбырының жалпы ұзындығы 365,242 километрді құрайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *