АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

331

Қазақстан Республикасы Президенттегіне кандидаттарға республикалық «Ана тілі» газетінде баспа кеңістігін ұсынудың жалпы шарттары

«Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Ана тілі» газеті (бұдан әрі газет) Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 қыркүйегінде қабылданған «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңы және 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» заңына сәйкес, 2019 жылғы 9 маусымында өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысатын барлық үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын газетте орналастыру үшін баспа кеңістігін ұсынудың шарттары мен тәртібі жайлы, төленетін ақы мөлшері туралы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды ақпараттандырады.

«Ана тілі» республикалық газетінің меншік иесі – «Қазақ газеттері» ЖШС.

Газет форматы – А2. Газет аптаның әр бейсенбі күні шығады. Тиражы – 16500 дана.

Газет беті немесе сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер мен газет меншік иесінің жазбаша келісімшарты негізінде жасалады.

Газет немесе сайт бетіне үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін редакцияға ҚР Президенттігіне үміткер немесе оның сенімді өкілінің жазбаша өтініші түсуі шарт.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

  1. Үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі.
  2. Үміткердің сенімді өкілінің уәкілеттігін растайтын құжат көшірмесі.
  3. Өтініш беруші тұлғаның жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі.
  4. Шарт жасау үшін тұлғаның уәкілеттігін растайтын құжаттар.

Жазбаша өтініште үміткер немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұралған кеңістік ертерек өтініш берген басқа кандидатқа беріліп қойса немесе техникалық мәселелерге байланысты кеңістікті ұсыну мүмкін болмаса, онда Газет кандидатқа үгіт материалдарын орналастыратын басқа орын ұсына алады.

Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газет немесе сайтқа шығатын мерзімнен 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде берілуі тиіс: макет үшін – TIF; мақала үшін – WORD; фотосурет үшін – JPEG форматында.

Егер президенттікке үміткер сайлау алдындағы бағдарламасында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

 Газетте үгіт материалдарын орналастырудың құны:

  — Бетке журналистік жарияланыммен бірге (4,5,6,7,8 бет) макет орналастыру 1 шаршы сантиметрге 1000 теңге. Қосымша құн салығын қоса алғанда;

— Бетке журналистік жарияланыммен бірге (4.5.6.7,8 бет) мақала орналастыру 1 шаршы сантиметрге 1000 теңге.

— Газеттің толық нұсқасының баспа нұсқасын өзгертілмеген түрде сайтта орналастыру (PDF-нұсқа) – 100 теңге.

Кандидаттың материалдарын орналастыру туралы келісімшарт бойынша төлемдер Газеттің иесі берген төлем шоты негізінде төлем шотын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленеді.

Сайтта дайын PR материалды орналастыру – 150 000 теңге (3000 белгі және бес суретке дейін).

Сайтта дайын PR материалды дайындау және орналастыру – 200 000 теңге. (3000 белгі және бес суретке дейін). Рұқсат етілген белгі көлемінен асқан жағдайда қосымша ақы төленеді. 1 белгі бағасы – 50 тг.

Газет иелері жазбаша өтініштерді 2019 жылдың 6 мамырынан бастап 2019 жылдың 3 маусымына дейін, соның ішінде демалыс және мереке күндерінен басқа күндері мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175 үй, 400, 415 кеңселер. Тел: 8 (727)- 272-87-30, 272-49-78,  Қабылдау уақыты: 10.00-18.00 сағ. аралығында.

Факсимильді және интернет байланыс арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *