Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтті

533

Алматы қаласындағы Достық үйінде  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, Алматы қ. «Қоғамдық келісім» КМК, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер ұйымдастырды. 

«Достық дастарханы» фестивалі әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарымен танысу арқылы төзімділік пен мәдениетаралық түсіністікті нығайтуды көздейді. Сонымен қатар, жастарды этностардың тамақтану мәдениетімен және қонақжайлылығымен таныстырудың зор мүмкіндігі болып табылады. Бұл жоба барлығын бір істің аясында біріктіруге және түрлі мәдениеттердің қырларын ашуға септігін тигізері сөзсіз.

Іс-шараның мақсаты қатынасу мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстанда тұратын этностардың аспаздық дәстүрлері ерекшеліктерімен таныстыру арқылы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Фестиваль бағдарламасында: тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айту; қонақтарды күту салтын көрсету; этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарымен әзірленген концерттік нөмірлер болды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қаласының жұртшылығы, этномәдени бірлестіктердің жастары қатысты.

Сурет түсірген:Азамат Құсайынов




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *