«ДАМУ» қоры ЦентрКредит Банкінің жұмыскерлерін марапаттады

523

26 сәуір күні «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың Бас офисінде қатарынан бес жыл бойы өткізіліп келе атқан «Табысқа жетуіңізге кепілдік береміз 5» («Успех гарантирован 5») атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл туралы Банктің Маркетинг Департаменті және PR бөлімі хабарлайды. 

Конкурс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі 22 банкінің Қордың кепілдігімен шағын және орта бизнеске кредит берумен айналысатын кредит менеджерлері, филиал директорлары және департамент директорлары арасында өткізілген болатын.

ЦентрКредит Банкі «Ең жылдам банк» номинациясында бірінші орынға және «ДАМУ» Қорының кепілдігімен берілген кредиттер бойынша үшінші орынға ие болды. 2018 жылы 896 кепілдік шығарылды. Банктің атынан марапаттарды Шағын және орта бизнес департаментінің директоры Досқараев Айдын Еділханұлы алды.

«The best of the best» номинациясында Қордың 22 серіктес банкінің ішінде ең үздік филиал директоры ретінде Банктің Павлодар қаласындағы филиалының директоры Оразбаев Дәурен Жұматайұлы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар Конкурстың қорытындысы бойынша «ДАМУ» Қорының кепілдігімен берілген кредиттер үшін» номинациясында Қор бағдарламасына барлық қатысушылар арасында Банктің келесі қызметкерлері өңірлер бойынша жеңімпаздар атанды:

Милушева Зухра Масхутовна, Алматы облысы;

Луценко Кристина Вадимовна, Шығыс Қазақстан облысы;

Кәкімжанова Айнагүл Сапақызы, Қостанай облысы;

Хозаев Арман Орынғазыұлы, Павлодар облысы;

Жүнісов Рустам Нұрланұлы, Солтүстік Қазақстан облысы.

«Біз бұрыннан бері «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қорының» белсенді серіктестері болып табыламыз. Банктің сонша қызметкерлерінің Қордың марапаттарына ие болғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ЦентрКредит Банкі жұмыскерлерінің жоғары деңгейін тағы да паш етеді. Банктің стратегиясына

сәйкес, біз ШОБ бағытын бұдан әрі дамыта отырып, осы салада жетекші орындардан табылып, биік белестерді бағындыра беруді және кредиттеуде үздік нәтижелерді көрсете беруді жоспарлап отырмыз,» – деп мәлімдеді Айдын Еділханұлы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *