2019 жылғы Оразаның кестесі жарияланды

3792

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы еліміздің қалаларына арналған Рамазан айының ораза және намаз уақыттарының кестесін жариялады. Сондай-ақ, биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді.

«Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады«,- делінген Діни басқарманың хабарламасында.

Мамырдың 31-нен маусымның 1-не қараған түні — қасиетті Қадір түні болып есептеледі. Назарларыңызға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының Ораза кестесін ұсынамыз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *