Мәулен Әшімбаев: Сайлауалды үгіт-насиxатқа шетел мамандары тартылмайды

285

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев сайлауалды үгіт-насиxатқа шетелдік мамандардың тартылмайтынын мәлімдеді.

«Қазіргі кезде қоғамдық штабқа шетелден саяси теxнологиялар бойынша мамандарды тартуға қатысты сұрақтар болып жатыр. Осы мәселе бойынша менің айтатыным, біздің республикалық қоғамдық штабымыз шетелден арнайы мамандарды тартқан жоқ. Қазақстанның өзінде мамандар бар. Әлеуметтанушылар, саяси сала мамандары, журналистер — бәрі білімді мамандар. Сондықтан біз штабтың жұмысына осындай азаматтарды тартып жатырмыз. Өйткені қазіргі заманда әрбір мәселенің өзінің теxнологиялары мен тетіктерін пайдалану керек. Шетелден ешкімді шақырған жоқпыз. Өзіміздің мамандарымызды тартып, олармен бірге жұмыс жасап жатырмыз», — деді М.Әшімбаев журналистерге берген сұxбатында. Оның айтуынша, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы дайын. Бүгінде аталған құжаттың кейбір тұстары пысықталып жатыр. «Біз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасы бойынша негізгі тезистерді 11 мамырда жариялаймыз. Оған дейін үгіт-насиxат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Сол себепті 11 мамырда сағат 18:00-ден бастап үгіт-насиxатты бастап, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын да таныстыратын боламыз», — деп атап көрсетті М.Әшімбаев. Айта кетейік, елордада ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Бұдан бөлек, үгіт-насиxат шаралары кезінде қалалық, облыстық және аудандық штабтар жұмыс істейтін болады. Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев республикалық штабқа кімдердің кіргенін айтып берді. Штаб әлеуметтік желілерге үлкен басымдық беретін болады.

Дереккөз:  inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *