Алматы облысының бірқатар ауылын қалың қар басып қалды

351

Алматы облысында табиғат тосын мінезі танытты. Облысқа қарасты Кеген ауданының бірқатар ауылында мамырдың төрті күні кешке басталған жаңбыр соңы қарға ұласып, ауылдарды қар басқан. 

Бізге Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылынның тұрғыны, білікіті ұстаз Ерболат Мақатаев мамырдың мамыражай күнінде ауылын қар басқан бірнеше суреттерін жіберді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қардың қалыңдығы 30 см.

Бұл туралы республикалық «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан фейсбук парақшасында: «Туған өлке — Аспантауды әппақ қар басыпты. Табиғаты қандай қатал болса,адал көңілді елдің болмысы да сондай кіршіксіз,таза!Алла қасиетті Оразада жеңілдігін бергей!
Мал мен жерді тел емген ел аман болғай,елге қорған боп жүрген ер аман болғай!
Жалаңаштан,Болат ағамыздан жеткен сурет… Тау көшсе де,қар көшсе де ел көшпесін!»,-деп жазба қалдырып, қар басқан ауылының бірнеше суретін жариялады.

Табиғаттың тосын мінезі Алматының таулы аймақтарында да қайталанды. Дәл осы күні Медеу, Алмаарасан, Бутаковка шатқалдары қалың қардың астында қалды. Ал «Қазгидромет» мекемесінің өкілдері алдағы тәулікте күннің қайта жылынатындығын айтты.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 




One thought on “Алматы облысының бірқатар ауылын қалың қар басып қалды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *