Медеуге келгендер аққала жасады

544

Бүгін таңертен Алматы қаласындағы Медеу шатқалына келген қалалықтар мен қала тұрғындары табиғаттың тосын сыйын көріп қайтты.

Шатқалда кеше ғана бүршігін жарған өрік, алмұрт, алма ағаштарының гүлдері, қалың қарды көтере алмай, бірлі-жарымы сынған. Таңертен мұнда ауа температурасы -50 c көрсетті. Бірақ, түске таман шатқалдың басым бөлігінде қар толықтай еріп үлгерген. Ал ауа температурасының салқындығына қарамастан, осы құбылысты көруге келгендердің саны көп болған. Көпшілігі әдеттегіше, таулы шыңдарға сапарларын жалғастырды. Ал демалыс аймағының маңына жиналған көпшілік, мамырдың қарынан аққала жасап жатты.

 Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *