Головкин жаңа бапкері кім екенін мәлімдеді

470

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері — бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс болды.

36 жастағы Бэнкс Головкиннен үш айға кіші. Бұрын ол IBO нұсқасы бойынша және NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы болған.  Бэнкс Виталий Кличконы жаттықтырған. Ол аты аңызға айналған Эмануэл Стюардқа ассистент ретінде көмектескен, ал Старттың өлімінен кейін украиналық спортшының бапкері болды, ол алты жекпе-жек өткізген.  Сондай-ақ, оның шәкірттерінің арасында ұлыбританиялық ауыр салмақта шығатын Диллиан Уайт болған, ал қазір ол норвегиялық әлем чемпионы Сесилия Брекхуспен жұмыс істейді.  «Қол жеткізген жетістігіме сүйене отырып, боксшы ретінде кәсібилігімді арттырғым келеді. Джонатан мақсатыма жетуге көмектесетін жаңа дағдыларды үйретеді. Біз қарқынды жұмыс істеп жатырмыз және 8 маусымда Madison Square Garden-де әлемге Big Drama Show көрсетуге асығыспын», — деді Головкин.
Дереккөз: Vesti.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *