Шереметьево әуежайына қонған ұшақ өртеніп кетті

227

Мурманскіге бағыт алмақ болған SSJ-100 жолаушылар ұшағы  Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне жексенбіде шұғыл қызметтен мәлім еткен.

«Жолаушылар ұшағы Шереметьеводан Мурманскіге ұшып шыққан. Арада бірнеше уақыт өткен соң ол апаттық жағдайда қонуға рұқсат сұрады.

Ұшақ моторында шыққан өртке байланысты кері оралған», — дейді дереккөз.

Алдын ала болжамға қарағанда,  зардап шеккендер бар.

Дереккөздің пікірінше, апаттық жағдайда қонған жолаушылар ұшағын найзағай соғуы мүмкін.

Жалын ұшақты түгел жалмады, абырой болғанда жолаушылар лайнерден шығып үлгерді.

Оның айтуынша, алты адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 78 адам болған. Өрттің толықтай сөндірілгені хабарланды.

Дереккөз: Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *