Ұшақ апатынан 13 адам қаза тапты

668

Мәскеудің Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған «Сухой Суперджет 100» ұшағының өртенуі салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, тағы алтауы зардап шекті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне жексенбіде медициналық қызметттен мәлім еткен.

«Соңғы деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан, алтауы жарақаттанған. Бұған қоса бірнеше жолаушының тағдыры белгісіз», — деді дереккөз. Еске сала кетсек, Мурманскіге қарай  ұшып шыққан  SSJ-100 жолаушылар ұшағы  Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қайта қонған. «Ұшақ моторында шыққан өртке байланысты кері оралған», — дейді дереккөз. Дереккөздің пікірінше, апаттық жағдайда қонған жолаушылар ұшағын найзағай соғуы мүмкін.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *