ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ПОЛИЭТИЛЕН БҰЙЫМДАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

485

2019 жылдың І жартыжылдығында жалпы құны 6 млрд. 600 млн. теңге құрайтын “АВF INVEST” ЖШС-ң Бадам өндірістік аймағынан полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыттың І-кезеңі іске қосылып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. 2025 ж. дейін өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтардың 35%-ы өңделіп, қайта кәдеге жаратылатын болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бұдан өзге, ауданда өнеркәсіп өнім көлемін биыл 19,4 млрд.теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексін 105,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Ал өңдеу өнеркәсібінде 17,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп болжануда. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында 2019 жылы жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаның II-кезеңін іске қосу жоспарлануда. Ол «Green Technology industries» ЖШС-ң озық технология арқылы полиэтилен өнімін қайта өңдеп, синтепон талшығын өндіру өндірісін құру жобасының II-кезеңі.
Сондай-ақ, 2019 жылы кәсіпкерлік, туризм саласында инвестициялық құны 15 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 10 жобаның құрылыс жұмыстары жүріп, нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.
Ағымдағы жылы ауылшаруашылық саласы бойынша аудан көлемінде жалпы өнім көлемін 40 млрд. 157 млн. теңгеге, игерілетін егістік жерлердің көлемін 65 100 гектарға жеткізіп, айналымға 2500 га жерді қосу, жылыжай көлемін қосымша 20 гектарға ұлғайту межеленіп отыр.
Құрылыс саласында Арыстанды, Ордабасы, Бірлік ауылдарындағы 200 орындық мектептер 2019 жылы пайдалануға беріледі. Биылғы жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағыты бойынша 700 орынға 5 жекеменшік балабақша ашып, балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің қамтылуын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Бадам ауылынан 4 үйдің (80 пәтер), Шұбар ауылынан 4 үйдің (100 пәтер), Төрткүлден 1 үйдің (40 пәтер), Қараспаннан 1 үйдің (40 пәтер) құрылысы жүреді деп күтілуде. Аталған тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде аудандағы 220 отбасының баспана мәселесі шешімін табады.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *