Алматыда соғыс ардагерлері 500 мың теңгеден алады

303

Алматыда әр соғыс ардагеріне Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай 500 мың теңге беріледі. Бұл туралы  ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Дәстүр бойынша әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары болашақ жауынгерлерге қолдау білдіруге жиналды.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қарулы күштер құрылған күннің Тәуелсіз Қазақстанның даңқты жылнамасына алтын әріптермен жазылғанын айтты.

«Елбасы айтып өткендей, Қарулы күштер — қауіпсіздіктің басты кепілі және егемендігіміз бен еліміздің бейбіт өмірінің мызғымас қорғаны. Біз бүгін Отанымызды қорғаған Қазақстанның барлық ұрпақтарына тағзым етеміз. Аттары аңызға айналған Қарасай батырдың, Бауыржан Момышұлының, Леонид Беданың, Борис Керімбаевтың және көптеген басқаларының есімдері халқымыздың жадында мәңгілік сақталатын болады. Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырларымыз бен ардагерлеріміздің ерлігі мен батылдығын мақтан етеміз», — деді Бауыржан Байбек.
Айта кетерлігі, қала әкімдігі жыл сайынғы қаржылай көмекті тағы да екі есеге арттыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, биылғы жылы Алматының ардагерлері 500 мың теңгеден алатын болады.

«Тәуелсіздік жылдарында елімізде шайқасуға қабілетті, мобилді және мықты қаруланған Армия қалыптасты. Мемлекет басшысы, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы кезінде жоғары баға берді. Армияға мемлекеттік қолдау көрсету әскери қызметтің мәртебесін арттырды. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтуға тұрақты назар аударылуда. Тұрғын үймен қамтудың жаңа моделін енгузіден бастап Алматыда 10 мыңға жуық әскери қызметші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозиттер ашты, ал 360 мыңнан астам отбасы жеке пәтерлерге ие болды», — деді Бауыржан Байбек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *