«Барселонаға» қарсы ойында камбэк жасаған «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына шықты

606

Англиялық «Ливерпуль» Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Барселонаны» ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Энфилдте» өткен ойында алаң иелері сапында көшбасшылар ойнаған жоқ — мысырлық Мохамед Салах пен бразилиялық Роберто Фирмино жарақат алған болатын.

«Барселонада» өткен алғашқы матч каталониялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған еді, ал»Ливерпуль» өз алаңында қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

7-минутта Дивон Ориги есеп ашқан. Үзілістен кейін «Барселона» қақпасында доп тағы үш рет тулады. 54 және 56-минуттарда Джорджиньо Вейналдум қанжығасын майлап, екі матч нәтижесі бойынша есепті теңестірді. Ал 79-минутта Ориги өз мүмкіндігін жібермей, матчтың нүктесін қойды — 4:0.

Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Ливерпуль» «Барселонаны» 4:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші жыл финалға жолдама алды.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *