Элизабет Тұрсынбаева үздік мәнерлеп сырғанаушылары рейтингінде алтыншы орын алды

459

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2018/2019 маусымынан кейін Халықаралық конькишілер одағының  (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Рейтингті жасаған кезде аяқталған және алдағы маусымдағы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының нәтижесі, сол маусымдар мен жекелеген халықаралық жарыстардың Гран-при кезеңдерінің үздік нәтижелері есепке алынады.

Әйелдер арасында бірінші орынды ресейлік Алина Загитова алған. Оның активінде 4510 ұпай бар. Екінші орынды жапондық Сатока Мияхара — 3459 ұпаймен иеленген. Үшінші орынды ресейлік Евгения Медведева — 3384 ұпаймен алды. Элизабет Тұрсынбаева 3108 ұпаймен алтыншы орынға ие болды. Соған қарамастан, Элизабет маусымдағы жеке рейтингте төртінші орында тұр.

Биыл Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *