Мереке күндері ауа райы қандай болады

357

Синоптиктер 9-13 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kazgazeta.kz  Қазгидромет орталығына сілтеме жасап.

Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі. Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Апта соңында суық атмосфералық фронттар және Карск теңізінде қалыптасқан антициклон әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *