Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

415
Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы жарияланды.

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.

Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.

Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон
киім-кешек пен азық-түлік жіберілді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *