Президент Отан қорғаушылар монументіне даңқ гүлін қою рәсіміне қатысты

308

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы жеңістің 74 жылдығына орай елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне даңқ гүлін қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Даңқ гүлін қою рәсімінен кейін Мемлекет басшысы шараға арнайы келген соғыс және тыл ардагерлерімен әңгімелесті.   Шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Үкімет басшысы Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, соғыс және тыл ардагерлері қатысты.

Айта кетейік, бүгінде елордада 70 соғыс ардагері, 2888 тыл ардагері тұрады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *