Елбасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды

385

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ ретінде болды.

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді.

Парад барысында 35 жауынгерлік есептоптар, 130-дан астам заманауи үлгідегі әскери техника, 13 мыңнан астам әскери қызметшілер сап түзеп өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *