Атырауда 3000-ға жуық адам Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

197

Жеңіс күнінде үш мыңға жуық атыраулық Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алып, Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Баршаңызды осы ұлы күнмен — Жеңіс күнімен құттықтаймын. Батырлардың соғыстағы ерлігі адамзат жадында мәңгі сақталады. Миллиондаған адамдар майдан даласында бастарын қатерге тікті, біздің бейбіт болашағымыз үшін қаза тапты,-деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
-Жеңісті жақындатуға Атырау облысының тұрғындары да үлес қосты. Біздің өңірден 73 мыңнан астам адам майданға аттанып, 25 мыңы қайта оралмады. Біз олардың ерліктеріне бас иеміз.
Аймақ басшысы Қазақстанда соғыс өрті шарпымаған бір де бір отбасы жоқ екенін атап өтті. Мыңдаған сарбаздар соғысқа аттанды, мыңдаған жерлестеріміз тылда еңбек етіп, әскерді оқ-дәрімен, азық-түлікпен, киіммен, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Жерімізді қорғауға бүкіл халық үлес қосты, бейбіт өмір үшін күресті.
-Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздармыз. Соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қаза тапқан ержүрек батырларымызды, бүгінде ортамызда бар баршаңызды мәңгі есте сақтаймыз. Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде сіздердің өмір жолдарыңыз үлгі. Ерліктеріңіз бен еңбектеріңізге мың тағзым,-деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға 3000-ға жуық атыраулық қатысты.

Жиналғандар ардагерлерді құттықтап, алғыстарын айтты. Жеңіс саябағында жорық ас үйі жасалып, сарбаз ботқасы берілді. Әскери-театрландырылған қойылым ұйымдастырылды, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *